Өскелең ұрпақтың назарын туған өлкенің экологиялық және өлкетану мәселелеріне аудару мақсатында ағымдағы жылдың 5 ақпанында 7-10 сынып оқушылары аралығында, мектепішілік «Жасыл клуб» экологиялық клубының қатысушылары арасында өткен экологиялық олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындарды:
1 орын – Балкашино ауылының №1 ЖОББМ экологиялық клубының командасы;
2 орын – Новоникольское ауылының ЖОББМ экологиялық клубының командасы;
«Екінші өмір сыйла!» атты номинациясында Қазылар алқасының мүшелері келесі оқушыларға бөлек сертификаттар берді: Серикбай Айгуль, Мадениет а. ЖОББМ оқушысы, Пономарев Станислав, Новоромановка а. НОМ оқушысы, Кусаинова Жанар, Улан а. ЖОББМ оқушысы.
Ағымдағы жылдың 12-14 ақпан аралығында Сандықтау ауылы «Жас дәурен» сауықтыру лагерінде өтетін экологиялық олимпиадасының облыстық кезеңіне Балкашино ауылының №1 ЖОББМ командасы қатысады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шың жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы жеңістер мен жетістіктер тілейміз!