«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылдың 5 мамырында Максимовка ауылында Кеңес Одағының Батыры Н.И.Колбасовтың кубогы үшін аудандық «Жас Ұлан» жарыстары Сандықтау ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында өтті.

08.05.2025

Іс-шара салтанатты бөліммен ашылып, өлеңдер орындалып, фанфарлар мен Әнұран орындалды. Жиналғандарды Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Сатубалдинқызы Жайылғанова, ауданның прокуроры Алмас Бөдеұлы Жақсыбеков, білім бөлімінің басшысы Гүлмар Ерғалиқызы Қадырова құттықтады, сондай-ақ, «Свободное» ЖШС директоры Александр Александрович Закусилов, оның бастамасымен 2024 жылы мемориал ашылды.
Жарысқа «Жас ұрпақ» қатарына қабылданған оқушылар, мектептің өзін-өзі басқару белсенділері, оқу озаттары мен түрлі байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатысты. Мектеп оқушылары еліміздің тыныштығы мен амандығы үшін жанын қиған батырлардың рухын лайықты құрметтеп, жоғары дайындықты, ауызбіршілік пен жеңіске деген құлшынысын көрсетті.
Жарыстың қорытынды нәтижелері келесідей:
«Гран-при» - Максимовка ауылының ЖОББМ;
1 орын - Балкашино ауылының №2 ЖОББМ;
2 орын –Балкашино ауылының №1 ЖОББМ;
3 орын– Лесное ауылының ЖОББМ. 
«Свободное» ТОО директоры Александр Александрович Закусиловтың атынан «Бас жүлде» иеленген Максимовка ауылының оқушылары жеңімпаздарына «Квадрокоптер»-ге сертификат, ал 1, 2, 3 орын иеленген жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен марапатталды. Александр Александрович Закусиловқа бағалы сыйлықтары үшін алғысымызды білдіреміз.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Просмотров: 1656


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст