egov.kz "Электронды үкімет" порталы;
"Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы" ақпараттандыру нысаны
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) өтініш;
2) білім туралы диплом (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
6) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
7) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
8) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
9) Эссе (250–300 сөз).
Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады.
"Педагог-модератор", "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарына аттестатталушылардың 3), 5), 6), 7), 8) тармақтарда көрсетілген құжаттары Платформада жинақталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.