Конкурс «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
Аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) – 8-25 шілде. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) – 28 шілде - 15 тамыз. Республикалық – 18 тамыз - 12 қыркүйек.
Конкурсқа меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Құжаттарды (материалдарды) Конкурсқа қатысушылар Министрліктің ақпараттық жүйесіне Конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жүктейді. Байқауға қатысу әр педагогке мүмкіндік береді, ұлттық деңгейде танылуға, көшбасшылар қауымдастығының мүшесі болуға және әр оқушының дамуы арқылы елдің болашағына үлес қосып, білім беру жүйесінің дамуына әсер етуге жол ашады. Бұл байқауды ұлттық білім беру жүйесінің тұрақты дамуы мен бүкіл елдің прогресі үшін маңызды құрал етеді.