«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету – қолжетімді әрі сапалы орта білім берудің тағы бір маңызды факторы болып табылады.

18.08.2025

2025–2026 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға Ақмола облысының білім басқармасы тарапынан 26 591,4 мың теңге бөлінді.  
Білім бөлімі жаңа оқулықтарды сатып алу үшін 9 баспамен (Алматыкітап баспасы, Мектеп, Атамұра, Express Publishing, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ, Көкжиек-Горизонт, Келешек, Арман ПВ, САТР) келісімшарттар жасасты. Жалпы саны 6982 дана оқулыққа 13 келісімшарт жасалып, сомасы 25 841,0 мың теңгені құрады.  
Жаңа оқу жылының басында Сандықтау ауданының барлық 26 мектебі жаңа сатып алулар мен қосымша жеткізулер есебінен 100% оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта барлық мектептерде оқушыларға оқулықтарды тарату үрдісі аяқталуға жақын.

Просмотров: 1558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст