08.09.2025
Айрықша оқиға Қызыл Поляна ауылында орын алды — мұнда күрделі жөндеуден кейін жаңартылған мектептің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Серік Кенесарыұлы Құдабай, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Ерғалиқызы Қадырова, сондай-ақ «1 Мамыр» АШК» ЖШС директоры Магомед Абуезитович Абуев, ауыл ақсақалы Бауди Нажмудинович Умаров және ауылдық округтің әкімі Қанат Қарбайұлы Сенгирбаев қатысты.
Қонақтар оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табысты оқу, шабыт және жаңа жетістіктер тіледі. Мектепті жаңғырту жұмыстарына атсалысқан құрылысшылар мен барша жандарға алғыс сөздері айтылды. Жаңартылған мектеп — бұл балалар үшін жайлы, заманауи және қауіпсіз білім ордасы ғана емес, сонымен қатар ауданның білім саласындағы маңызды қадамы болып табылады.