«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балкашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде оқушылармен профилактикалық әңгіме өтті.

15.09.2025
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында тұрақты өмірлік құндылықтарды қалыптастыру, заңға және қоғамның рухани-адамгершілік нормаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың және жастар ортасындағы теріс көріністердің алдын алу.
Оқушылардың алдында «ПАРМИ» ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің дінтанушы маманы Р. Қошмағамбетов және Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы Н. Тілеубаев сөз сөйледі. Спикерлер саналы таңдау жасаудың, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің маңыздылығы туралы, сондай-ақ жастардың мемлекет пен қоғамды дамытудағы рөлі жөнінде жан-жақты баяндады.
Кездесуде төзімділік, өзара құрмет пен рухани құндылықтарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шара барысында оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай профилактикалық әңгімелер оқушылардың бойында салауатты және жауапты тұлғаны қалыптастыруға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің дұрыс қорытынды жасап, заманауи әлемде бағдар табуына ықпал етеді.
Просмотров: 2098


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст