«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы 16 қыркүйекте Балкашин ауылының балалар - жасөспірімдер шығармашылығы орталығында білім бөлімі Кеңесінің отырысы өтті.

16.09.2025

 

Отырыс аясында ауданның білім беру ұйымдары қызметінің өзекті мәселелері қаралды.

Отырыстың басында «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттер қаралды. Білім бөлімінің басшысы  Қадырова Г. Е. түсініктеме берді.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Сандықтау ауданының полиция полковнигі  Жапбасов М. Б.  баяндама жасады.

Оқушыларды әлеуметтік-психологиялық қолдау мәселелері бойынша педагог-психологтар: Жандавлетова А. Г.  (Максимовка а. ЖОББМ),  Сергеева Т. Н.  (Новоникольское а. ЖОББМ). өз ұсыныстарын ұсынды.

Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесінің мәселелерін білім бөлімінің есепшісі Қасықпаев А. Н. атап өтті.

Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша баяндаманы білім бөлімінің бас маманы Жанахитдинова Ж. А. ұсынды.

Білім беру үрдісіне жасанды интеллектті енгізу мәселелерін мектеп директорлары: Анапин С.К. (Приозерное а. ЖОББМ) және Абдуова Е. К. (Сандықтау а. ЖОББМ) атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға ұсыныстар беріліп, одан әрі жұмыс бағыттары айқындалды.

Просмотров: 2203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст