01.12.2025
Отырыстың мақсаты – педагогтардың жаңа тәрбие технологияларын пайдалану және білім беру үдерісіндегі тәрбиенің заманауи тенденциялары саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бірінші мәселе бойынша Балқашино ауылының №1 жалпы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Антонкина Т.Я. сөз сөйлеп, «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру арқылы тәрбие үдерісін басқару жүйесін жетілдіру туралы баяндады. Екінші мәселе бойынша: «Оқушылардың сыныптан тыс танымдық қызметін ұйымдастыру – мектептің тәрбие жүйесінің тиімділік факторы» тақырыбында Балқашино ауылының №2 жалпы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Мельникова Д.С. ақпарат берді. Келесі болып, Весёлое ауылының жалпы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ербол А.Е. "Мектептегі профилактика кеңесінің жұмысы, мектепішілік есепте тұрған балалармен жұмыс" тәжірибесімен бөлісті. «Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру – «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі» (жұмыс тәжірибесінен) тақырыбында Белгородское ауылының негізгі орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Фёдорова К.С. баяндама жасады. Отырыс қорытындысы бойынша мектептердегі тәрбие жұмысы бағытындағы құжаттаманы жүргізу жөнінде ұсыныстар беріліп, қызықтырған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.