09.02.2026
Ағымдағы жылдың 5–7 ақпан аралығында Көкшетау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Біздің ауданнан Балкашино ауылының №1 ЖОББМ, Балкашино ауылының №2 ЖОББМ, Весёлое ауылының ЖОББМ, Жыланды ауылының НО мектептерінен бес оқушы қатысты. Қорытындысында оқушыларымыз үш жүлделі орынға ие болды. «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәні бойынша Жыланды ауылының негізгі орта мектебінің оқушысы Аскербекова Аяулым ІІ орын иеленді (пән мұғалімі – Жирентаева Амина Даирбековна). «Ағылшын тілі» пәні бойынша Балкашино ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Темірбек Асан ІІІ орын иеленді (пән мұғалімі – Жуманова Дина Елубаевна); «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Весёлое ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Уразалина Алина ІІІ орын иеленді (пән мұғалімі – Қасымова Марина Ситжановна). Оқушыларымызды және олардың жетекшілерін жақсы нәтижемен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!