«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 8 сәуірде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ауданның 11 мектебінде 116 бітіруші түлекке арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

09.04.2026


Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Сынып сағаты барысында оқушыларға жаңа Конституцияның негізгі баптары түсіндірілді. Оқушыларға Конституцияның маңызды бөліктерінің бірі – преамбула екені жеткізілді. Преамбула – Конституцияның мазмұнын, оның негізгі идеясын және мемлекет басшылыққа алатын басты құндылықтарды айқындайтын бөлім. Жаңа Конституцияда алғаш рет преамбула мен жалпы ережелер деңгейінде «Әділетті Қазақстан» құндылықтық бағыты мемлекеттік дамудың негізгі бағдаршамы ретінде бекітілгені атап өтілді. Бұл қағидат «Заң мен тәртіп» принципімен және адам құқықтары мен бостандықтарын мойындаумен бірге мемлекеттің дамуының іргелі негізін қалыптастырады. Оқушылар жаңа Конституцияда бірлік, ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім сияқты құндылықтардың мемлекетіміздің маңызды негіздері ретінде айқындалғанына назар аударды. Егемендік, тәуелсіздік және аумақтық тұтастық қағидаттары өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілгені атап өтілді.Сонымен қатар, жаңа өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі – білім беру, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамыту болып табылады. Бұл Қазақстанның болашағы тек табиғи ресурстармен ғана емес, ең алдымен білімді, шығармашыл және белсенді азаматтармен байланысты екенін көрсетеді.

https://www.instagram.com/p/DW6LBs-jHl3/

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст