«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Үздік педагог» конкурсы – 2026 ж.

27.08.2026

 

Конкурс «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                      2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

Аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) – 27 тамыз - 11 қыркүйек аралығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» атағын беруге аудандық байқау өткізсін (27 тамыз – 3 қыркүйек байқау материалдарды орналастыру «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінің электрондық платформасында байқауға қатысушылар, «Үздік педагог» модулі, 4 - 11 қыркүйек  байқау комиссияның жұмысы).

 Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) – 14 – 21 қыркүйек.

 Республикалық –  22 қыркүйек – 15 қазан.

  Құжаттарды (материалдарды) Конкурсқа қатысушылар Министрліктің ақпараттық жүйесіне Конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жүктейді. Байқауға қатысу әр педагогке мүмкіндік береді, ұлттық деңгейде танылуға, көшбасшылар қауымдастығының мүшесі болуға және әр оқушының дамуы арқылы елдің болашағына үлес қосып, білім беру жүйесінің дамуына әсер етуге жол ашады. Бұл байқауды ұлттық білім беру жүйесінің тұрақты дамуы мен бүкіл елдің прогресі үшін маңызды құрал етеді.                                                        

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст