2026 жылғы 1 қазанда Балқашино ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектепте Еңбек күні және Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

01.10.2026

Іс-шара барысында аға буын өкілдеріне құттықтау хатқалталарын табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Бұл бастама қоғамның дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет пен алғысты білдіруге бағытталды.

Құттықтау сөз сөйлеген Сандықтау ауданының білім бөлімінің басшысы Г.Е. Кадырова аға буынға құрмет көрсетудің, ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Қонақтарға мектеп оқушылары мен педагогтері дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Шығармашылық қойылымдар мерекелік іс-шараға ерекше жылулық пен салтанатты көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара соңында естелікке ортақ суретке түсу ұйымдастырылды.

 

Просмотров: 4540


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу