" />
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бойынша кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге және балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы балаларға қосымша білім беруге арналған келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

1.Ғылыми-техникалық бағыт  (бастапқы техникалық модельдеу, авиямодельдеу; автомодельдеу; кеме модельдеу; ракеталық модельдеу; робототехника; ғарыштық бағыт; 3D-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радио техника; мотоцикл спорты; модельдеу; атудан спорт; инженерлік жобалаудың негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді инженерлік жобалау негіздері; өнертабыс және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; конструирование; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кино және видео шығармашылық; желкенді спорт; электротехника; химия-техникалық бағдарламалау; LEGO-конструирование; спорттық радиомодельдеу; автокәсіптің негіздері; сәулет моделдеуі; сәулет құрылыстары технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техника моделдеуі; стендтік моделдеу; шағын көлемді су көлігін моделдеу; аэрокосмостық білім беру және моделдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модельдің проекциясын жасау; ұшу-парашют дайындығы; квадроциклдер; қармұздық көліктер; столярлық іс; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: конструирование және бағдарламалау; халықтық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-лаборатория (СТЭМ-лаборатория); ООП бар балаларға конструирование; киберспорт; ұшқышсыз әуе аппараттары) — 22 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға шаққандағы орташа шығын 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін — 15 800 теңге).

2. Көркем-эстетикалық бағыт (керамика, қыш шеберлігі; мүсіндеу, мүсін, керамикалық мүсін; кестелеу; ілмекпен, бізбен тоқу; тігін, макраме; оригами, қағаздан жасалатын бұйымдар (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағашқа көркем өрнек салу; металлға көркем өрнек салу; керамикаға көркем өрнек салу; теріні көркем өңдеу; металды көркем өңдеу; пирография, ағашқа, теріге, матаға өртеу; киімнің көркем үлгісін жасау, құрақ құрау және тамбурлы кесте; ағашты көркем өңдеу; арт-терапия; киім дизайны; қыш өнері, мүсіндеу) — 1 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға шаққандағы орташа шығын 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін — 15 800 теңге).

3. Жаратылыстану-математикалық бағыт (математика курстары) — 3 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға шаққандағы орташа шығын 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін — 15 800 теңге).

4. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиаорталықтар; дебаттық қозғалыс; волонтерлік қозғалыс; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер) — 10 ваучер ұсынылады, бір білім алушыға шаққандағы орташа шығын 15 217 теңге (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін — 15 800 теңге).

Қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын алу бойынша конкурс рәсіміне қатысу үшін 2025 жылғы 23–29 желтоқсан аралығында (қоса алғанда) төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

- осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

- Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын заңды тұлға мәртебесі жоқ жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, ұйымның жарғысының (ережелер, құрылтайшылық келісім) көшірмесі;

- жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе Ұйым пайдаланатын ғимаратқа арналған жалдау шартының көшірмесі;

- балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

- мұғалімдердің тиісті үлгідегі білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сәйкес профиль бойынша педагогикалық немесе басқа кәсіби білімі бар және оқушыларды немесе тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік қолдау көрсету немесе білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша педагогикалық қызмет атқаратын, еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама;

- мұғалімдердің біліктілік деңгейін растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге штат кестесінің көшірмесі;

- Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) (жарғыға, құрылтайшылық құжаттарға, келісімшарттарға сәйкес) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесі жоқтығы туралы хат;

- Бейнебақылау камераларының орналасу схемасы, ұйым басшысының қолы мен мөрімен расталған;

- Өрт кезінде эвакуациялау жоспарының схемасы, ұйым басшысының қолы мен мөрімен расталған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген.

 

Тізімделген құжаттар нөмірленіп, тігіледі, қол қойылып, мөрмен (бар болса) және ұйым басшысының қолымен расталады.

Мемлекеттік тапсырыс тізімін қалыптастыру бойынша конкурс рәсіміне қатысуға Қағидалардың 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес талаптарды қамтамасыз еткен ұйымдар қатыса алады, атап айтқанда: сандық бейнебақылау камераларын міндетті түрде Орталық бақылау жүйесіне қосу, нысанды дабыл батырмасымен, турникетпен және физикалық күзетпен жабдықтау. Осылайша, оқу процесінің және мұғалімдер мен оқушылардың еңбек жағдайларын оңтайландыру мақсатында жеке бөлме (үй) жалға алу немесе сатып алу мүмкіндігін қарастыру қажет болды, бұл аталған Нұсқаулықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті тармақтарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін қатаң сақтау қамтамасыз етілуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 120; байланыс телефондары: 9-11-13; немесе электрондық форматта: sanroo94@yandex.kz.


Текст